Ла-Платада (Аргентина) жастар арасындағы әлем чемпионатының финалы аясында Уругвай мен Италия кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уругвайлық футболшылар финалда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 86-минутта Лусиано Родригес соқты.

Уругвай құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионы атағын алғаш рет алып отыр. Бұған дейін олар 1997 және 2013 жылдары финалда жеңілген.