ЦСКА-ның қазақстандық жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов өз командасының Ресей кубогын жеңіп алуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Матч қиын өтті, эмоция қалмады, тамағым ауырып қалды. Мен өте қуаныштымын. Жанкүйерлерге рақмет, Акинфеевке рақмет. Біз мұны жасадық. «Краснодар» – мықты команда, олардың шабуылында жылдам ойыншылар бар, олар ойынды бақылауда ұстады, бірақ біз шыдадық. Ал пенальтилер сериясында бізді Акинфеев құтқарып қалды. Ертең ұлттық құрамаға барамын, бірақ бапкерлер штабы бізге қосымша күн береді деп ойлаймын», - деді Зайнутдинов «Матч! Премьер» эфирінде.