«Астана» баскетбол клубы клубтар арасындағы жаңа халықаралық жарыс – Батыс Азия суперлигасында (WASL) екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңдегі екінші ойында қазақстандық клуб «Шахрдари Горган» (Иран) командасын 87:81 есебімен жеңді.

«Астана» алғашқы ойында «Шабаб Аль-Ахли» (БАӘ) командасын 80:73 есебімен жеңген.

«Астана» топтық кездеңде «Шабаб Аль-Ахли» (ОАЭ), «Кувейт СЦ», «Шахрдари Горган» (Иран) командаларымен кездеседі.

Батыс Азия Суперлигасы. Топтық кезең.

«Шахрдари Горган» — «Астана» 81:87 (19:26, 20:15, 26:27, 16:19)

Айта кетейік, 8 команда әрқайсысы төрт командадан екі топқа бөлінген. Әр топтан үздік екі команда жартылай финалға шығады.