Сенбі, 10 маусымда Чемпиондар лигасының 2022/23 маусымының финалдық ойыны өтіп, онда «Манчестер Сити» «Интерді» 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

84-минутта Хакан Чалханоглының орнына миландық жартылай қорғаушы Генрих Мхитарян алаңға шықты.

Осылайша, Мхитарян Чемпиондар лигасының финалында өнер көрсеткен алғашқы армян атанды.

«Манчестер Сити» үшін бұл тарихтағы бірінші жүлде болды. Сондай-ақ, ағылшындар бұған дейін Премьер-Лига мен Англия кубогында топ жарды.