Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда өткен Чемпиондар лигасының финалы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің соңғы ойынында «Манчестер Сити» «Интерді» 1:0 есебімен ұтты.

«Мен «Манчестер Сити» командасын Түркияның көзінің қарашығы, өркениет бесігі Ыстамбұлда Ататүрік Олимпиада стадионында өткен әлемдегі ең үлкен спорттық іс-шаралардың бірі – Чемпиондар лигасының финалында жеңіске жетуімен құттықтағым келеді.

Түркияның қонақжайлылығын тағы бір рет растап, осынау айтулы шараның қиындықсыз әрі сәтті өтуіне үлес қосқандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді», — деп жазды Ердоған әлеуметтік желіде.