Бүгін, 11 маусымда Ванкуверде (Канада) аралас жекпе-жектен кезекті UFC 289 турнирі өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің екінші маңызды айқасында бразилиялық Чарльз Оливейра мен шыққан тегі ирандық америкалық Бенеил Дариуш кездесті.

Жекпе-жек Оливейраның бірінші раундта нокаутпен жеңісімен аяқталды.

Бүгінгі жетістігінен Оливейраның еншісінде 34 жеңіс және тоғыз жеңіліс бар. Дариуштың еншісінде 22 жеңіс, бес жеңіліс және бір тең нәтиже бар.