Ыстамбұлдағы Ататүрік атындағы олимпиадалық стадионда Чемпиондар лигасының финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда «Манчестер Сити» мен «Интермен» кездесті. Чемпиондар лигасының финалына шығу үшін «Ман Сити» топта «Боруссия Д», «Севилья» және «Копенгаген» командаларынан басым түсті. Плей-оффта «РБ Лейпциг», «Бавария» және «Реал Мадридті» жарыс жолынан шығарды.

Ал «Интер» «Бавария», «Барселона» және «Викториямен» бір топта өнер көрсетіп, екінші орын алды. Плей-офф кезеңінде нераззурри «Порту», «Бенфика» және «Миланды» жеңді.

Финалда жанкүйерлер көп гол көре қойған жоқ. Кубоктың тағдырын жалғыз гол шешті. 68-минутта Родридің соққан голы «Манчестер Ситиге» жеңісті алып берді.

Осылайша ағылшындық команда тарихындағы екінші финалында алғашқы жеңісіне жетіп отыр.