Футболдан еліміздің 18 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамалары Молдовада жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойындар 14-19 маусым аралығына жоспарланған.

Құрамалар алдымен Талғар базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

Әрі қарай Молдова жасөспірімдер құрамасы және «Шериф» жастар командасымен жолдастық матч өткізу үшін Тираспольге жол тартады.