Бразилиялық Imperial ұжымы CS:GO-дан BLAST Premier: Spring Final 2023 турнирінде Солтүстік Американың Complexity командасынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:0 (Vertigo-да 16:14 және Overpass-та 16:6) есебімен аяқталды. Габриэль Fallen Толедо командасы чемпионаттың жартылай финалында ойнайды, ал Complexity ивентпен қоштасты.

BLAST Premier: Spring Final 2023 турнирі 7-11 маусым аралығында Вашингтонда өтіп жатыр.