Трассадағы велоспорттан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоз жекелей жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы Евгений Федоров 46 шақырымды 53 минут, 28 секундта жүріп өтті.

Азия чемпионаты. Ерлер. 46 км

1. Евгений Федоров (Қазақстан) - 53:28.423

2. Ту Чи Хао (Қытайлық Тайбэй) + 01:57

3. Саинбайар Джамбалджамц (Моңғолия) +03:07

Еске салайық, бұл Қазақстан құрамасының Таиландтағы жарыста алтыншы алтын медалі.

Фото: ҚВФ баспасөз қызметі