OCTAGON SELECTION 22 іріктеу турнирі аясында қазақстандық және өзбекстандық спортшылар кездесті, деп жазады Prosports.kz

Орта салмақта Өзбекстанның 26 ​​жастағы өкілі Озадбек Набиев (0-2) кәсіпқой мансабын бастап жатқан 20 жастағы Бексұлтан Қаныбековпен кездесті.

Жекпе-жектің алғашқы минутында-ақ Набиевтің қарсыласын қылқындыруға мүмкіндігі болған, бірақ өзбек спортшысы оны пайдала алмады. Дегенмен Набиев бұл жекпе-жекте техникалық нокаутпен жеңіске жетті.