«Астана» баскетбол клубы клубтар арасындағы жаңа халықаралық жарыс – Батыс Азия суперлигасында (WASL) алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңдегі алғашқы ойында қазақстандық клуб «Шабаб Аль-Ахли» (БАӘ) командасын 80:73 есебімен жеңді.

«Астана» топтық кездеңде «Шабаб Аль-Ахли» (ОАЭ), «Кувейт СЦ», «Шахрдари Горган» (Иран) командаларымен кездеседі.

Батыс Азия Суперлигасы. Топтық кезең.

«Астана» — «Шабаб Аль-Ахли» 80:73 (24:16, 28:20, 12:17, 19:20).

Айта кетейік, 8 команда әрқайсысы төрт командадан екі топқа бөлінген. Әр топтан үздік екі команда жартылай финалға шығады.