UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Хамзат Чимаев пен Камару Усман кездесуінің жеңімпазын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт Шредингера» арнасына сілтеме жасап.

- Усман – Чимаев жекпе-жегінде кім жеңеді деп ойлайсың?

- Білмеймін, жекпе-жек бәрін көрсетеді. Қай салмақта болатынына байланысты. Мен дайынмын! Екеуінің қайсы жеңсе, сонымен шығамын!.

Камару Усман мен Хамзат Чимаев арасындағы ықтимал кездесу 21 қазанда Әбу-Дабидегі UFC 294 турнирінде өтеді.