Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Тайлерде (АҚШ) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз екінші айналымда аустралиялық Марк Полмансты үш сетте – 2:6, 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Кездесу 2 сағат 17 минутқа созылды.

Келесі айналымда Михаил жапониялық Юта Шимизумен кездеседі.