2022/23 жылғы маусымдағы Конференция лигасының финалында «Вест Хэм» мен «Фиорентина» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Прагадағы «Эден Арена» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебімен англиялық команда жеңіске жетті.

Жеңіске жеткен команда сапында Саид Бенрам мен Джаррод Боуэн гол соқты. Ал италиялық ұжымның жалғыз голын Джакомо Бонавентур соқты.

Осылайша, «Вест Хэм» Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан кейінгі Еуропадағы ең беделді клубтық турнир – Конференция лигасының жеңімпазы атанды.

Лондондық команда осы ғасырдағы бірінші еурокубок кубогына ие болды. Соңғы рет «Вест Хэм» 1999 жылы Интертото кубогын жеңіп алған болатын.