Қорғаушы Эдуард Михайлов «Арлан» хоккей клубында өнерін жалғастырады. Қорғаушы ойыншымен келісім екі жылға жасалған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы маусым Эдуард үшін көкшетаулық клубтың жейдесін киген үшінші маусым болмақ. Командаға ауысқанға дейін ол төрт маусымды өскемендік «Торпедо» жүйесінде өткізген.

«Арландағы» өткен маусым өте нәтижелі болды. 39 ойында ол тұрақты маусымда 18 (3+15) ұпай жинап, плей-офф кезеңінде +15 пайдалылық көрсеткішімен екі нәтижелі пас берді.