Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы, 22 жастағы Тимофей Скатов Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 174-орында тұрған 31 жастағы босниялық Дамир Джумхурмен кездесіп, 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.