ENCE командасы CS:GO бойынша IEM Dallas 2023 турнирінің финалында MOUZ ұжымын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:0 есебімен (Mirage - 16:9 және Nuke - 16:10) аяқталды. Павл dycha Дыханың командасы турнир чемпионы атанып, 100 мың доллар сыйақы мен IEM Cologne 2023 турниріне жолдама алды.

Айта кетейік, IEM Dallas 2023 турнирі 29 мамыр мен 4 маусым аралығында АҚШ-та өтті. 16 команда 250 мың долларына таласты.