19 жастағы қазақстандық спортшы Ақбаян Нұрмамет Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

800 метрге жүгіру жарысында Нұрмамет 2:10:22 уақыт көрсеткішімен екінші орын алды.

Ақбаян – Азия чемпионатының жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы Әлем гимназиясының жүлдегері және жеңіл атлетикадан U-20 әлем чемпионатының қатысушысы.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасы осы жолғы жарыста алған алғашқы медаль. Турнирге 400 метрге жүгіруден Софья Киденко, ұзындыққа секіруден Анастасия Рыпакова қатысып жатыр, сондай-ақ Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жүгіру жарысында бақ сынайды.