Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан карьерасын лиссабондық «Спортингте» жалғастыратын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Record ақпараты бойынша, Тайнан «Спортингте» оралды. Оның мурсиялық «Эль Посомен» келісімшартында 250 мың еуроға сатып алу құқығы бар еді. Алайда ол келісімшартты бұзып, «Арыстандарға» оралды.

Осы маусымда Тайнан «Эль Посо» сапында барлық турнирде 12 матчқа қатысып, 7 гол соқты. Ол былтыр сәуірде Испания кубогының финалында төрешіге шабуылдап, қарсыласқа тіл тигізіп, қызыл қағаз алғаннан кейін алаңға оралғаны үшін 15 матчқа шеттетілген болатын.