Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Гран-при турнирінде қола медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ерасыл үшінші орын үшін белдесуде польшалық спортшы Каспер Щуровскийді жеңді.

Одан бөлек бүгін Қазақстан атынан Бекарыс Сәдуақас, Қайратбек Сәбит (екеуі де 100 келіге дейін), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін) және Назгүл Маратова (78 келіден жоғары) өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Сұңғат Жұбатқан (66 келі) бұл турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы қола медальді салған.