"Реал Мадрид" футбол клубының капитаны, "Алтын доп" иегері Карим Бензема маусым аяқталған соң карольдік ұжым сапынан кететін болды. Бұл ақпаратты "Реал Мадрид" клубының ресми сайты растады.

Карольдік клуб пен шабуылшы келісімшартты тоқтату туралы өзара шешімге келген.

- "Реал" ұжымы клубтың аңыз ойыншыларының біріне алғысын білдіреді. Келесі сейсенбі, 6 маусым күні 12:00-де карольдік клубтың президенті Флорентино Перестің қатысуымен Карим Бенземаны шығарып салу рәсімі өтеді, - делінген хабарламада.