«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Ақсуға» қарсы ойынды қорытындылады.

- Менің ойымша, матчтың 15-минутына қарай 2-3 гол соғуымыз керек еді, мүмкіндіктер көп болды. Абат гол соқты, неге есепке алынбағанын білмеймін, қолдың тиген сәтін байқамадық. Біз әртүрлі ракусрстан қарадық, түсініксіз болды, қол тигенін тіпті көрмедік деп айта аламыз.

Жалпы, бірінші таймда Абат, Марин және Фабьеннің іске аспаған мүмкіндіктері көп болды. Бір эпизодта гол соққанымыз жақсы болды. Екінші таймда біз 15-20 минут бойы қарқынды ұстандық, содан кейін шаршағанымыз байқалды, әсіресе қорғаушылар үшін - олар алмастырусыз толық матч ойнады, жарақаттарға байланысты ротация жеткіліксіз болды.

Соңғы 15 минутта бізге аздап күш-жігер жетіспеді, өз жағымызға қайту керек болды, қарсыласқа көп мүмкіндік бердік, бірақ ең бастысы, өте маңызды үш ұпайды алдық. Енді алда чемпионатта үзіліс бар, төрт күннен кейін Шымкентте кубоктың ойыны бар. Демалуға уақыт жоқ, ойыншыларды сауықтырып, матчқа дайындалу керек.