«Қайраттың» бас бапкері Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 12-туры аясында «Оқжетпеске» (2:1) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді:

– Стадионға келген адамдарға көп рақмет айтқым келеді. Командамызды жеңісті күндерде ғана қолдамай, ойынымыз жүрмейтін кездерде де жанкүйер болып жүргендеріңіз маңызды. Бізге қолдауларыңыз қажет! Ойындарымызға көп адам келсе екен деймін.

– Матч соңында «Оқжетпестің» көп қысым жасағаны байқалды. Бұл сіздің қорғанысқа берген нұсқауыңызға байланысты ма, әлде олар сол сәтте функционалдық жағынан басым болды ма?– Мәселе «Оқжетпесте» емес, өзімізде. Өкінішке қарай, өз ойынымызды ойнамадық, салдарынан қорғанысқа жатып қалдық.

– Ульшинді амал жоқ ауыстырдыңыз ба?– Бүгін жасалған ауыстырулардың барлығы ойынға қатысты. Бірінші таймда Андрейдің ойынына көңіліміз толмады.