Аргентинада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық кездесуінде Израиль құрамасы Бразилия құрамасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу қосымша уақытта 3:2 есебімен Израиль құрамасының пайдасына аяқталды.

Израиль (U-20) - Бразилия (U-20) - 3:2 қ.у.

Гол соққандар: 0:1 - Маркос (56). 1:1 - Хаталия (60). 1:2 - Матеус (91). 2:2 - Шибли (93). 3:2 - Тургеман (105+3).

113 және 115 минуттарда израильдіктер екі пенальтиден мүлт кетті.

Әлем чемпионатының жартылай финалында Израиль АҚШ – Уругвай кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.