Италия чемпионатының осы маусымдағы үздік ойыншысы белгілі болды.

Италияның А сериясының үздік ойыншысы атағын грузиялық Хвича Кварацхелия жеңіп алды. Ол осы маусымда Италия біріншілігінде 33 матчқа қатысып, 12 гол соққан. Сонымен қатар шабуылшы әріптестеріне 10 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Хвича Кварацхелия 2001 жылы 12 ақпанда Грузияның астанасы Тбилиси қаласында өмірге келген. Ол - "Наполи" мен Грузия құрамасының шабуылшысы. Бұған дейін футболшы "Динамо", мәскеулік "Локомотив", "Рустави" секілді клубтарда доп тепкен.