Қазақстандықтар Анна Данилина мен Александр Недовесов Ролан Гаррос турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы А.Данилина мажарстандық Тимея Бабошпен бірге екінші айналымда тайбэйліктер Латиша Чань — Хао-Чин Чаньмен кездесті.
Қазақстандық-мажарстандық жұп бір сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта 6:7 (3:7), 3:6 есебімен жеңіліс тапты.
А.Недовесов мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен бірге ширек финалға шыға алмады. Олар үшінші айналымда доданың 1-ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскиге жол берді – 5:7, 4:6. Бұл бәсеке сағат жарымға жуық уақытқа созылды.
Осылайша, Франция ашық чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалмады.
Комментарии