«Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан чемпионаттың екінші айналымында алаңға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Футболшы қазір жаттығу процесін баяу бастап жатыр. Клубтың медициналық қызметкерлері Исламханның сауығып кетуіне және жарақатының қайталануының алдын алуға көмектеседі.

Бұған дейін шымкенттік клубтың жартылай қорғаушысына ота қажет болуы мүмкін болса, клуб дәрігерлері оны басқа жолмен емдеуге бел буған.

Исламхан бірнеше тур бұрын «Қайратпен» сырт алаңда өткен ойында жарақат алған болатын. Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Еуро-2024 іріктеу аясында ұлттық құраманың келесі екі ойынына қатыспайды.