Астанада өткен Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысында кәсіби футбол клубтары үшін ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңінің мерзімін бекітілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелері 2018 жылғы маусымның «жазғы трансферлік терезесінің» басталуы мен аяқталуы мерзімін 26 маусым мен 24 шілде аралығына белгілеп, ҚФФ Атқарушы комитетіне жіберген болатын.

ҚФФ Атқарушы комитетінің жиын қорытындысы бойынша клубтардың ұсынысын қолдап, ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңінің мерзімін аталған уақытқа бекітті.