Жеңіл салмақтағы бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әкесіне қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Санжар әлеуметтік желіде айтты.

Спортшының әкесі 5 бала тәрбиелеп, Астанада такси қызметкері болып жұмыс істейді.

19 жастағы Санжар Ташкенбай Ташкентте өткен бокстан дебюттік әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Финалда ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен грузиялық спортшы Сахил Алахвердовиді жеңген еді.