Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» (Париж, Франция) турнирінің жұптық сынының бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/32 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Камилла Рахимовамен жұптасып, Тайвань-Қытай дуэті Шувэй Си мен Синью Вангтан 0:6, 3:6 есебімен жеңілді.

Матч 1 сағат 8 минутқа созылды.