Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Брешияда (Италия) өтіп жатқан саз балшықтан ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші поляк спортшысы Мартина Кубокпен бірге қарсыластары Барбора Палицова (Чехия) - Катарина Заватская (Украина) кездесуге келмей қалғандықтан, турнирдің ширек финалында өнер көрсетеді.

Құламбаева жуырда сербиялық Курсумлия-Банада өткен жекелей турнирде жеңіске жетті.

Айта кетейік, WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингінде қазақстандық теннисші жұптық сайыста 198-ші қатарда тұр.