Футболдан Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен черногориялық легионер Дарко Зорич ҚПЛ-ға оралу мүмкіндігі туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Менің «Дечичпен» әлі алты айға жарамды келісімшартым бар. Бірақ мен мұнда қалғым келмейді. Ең бастысы жарақатымнан емделдім. Төрт ай ойнамадым. Ал «Қызылжар» мен «Ақтөбеге» келетін болсақ, олардың маған деген қызығушылығы туралы, шынымды айтсам, білмеймін. Мен достарыммен байланыстамын. Олар: «Бізге кел» дейді. Бірақ нақты ештеңе болған жоқ. Біреу хабарласса, сіздерге айтамын», - деді Зорич Legalbet.kz сайтына.

29 жастағы Зорич (Черногория құрамасының сапында үш матч, бір гол) ҚПЛ-да төрт маусым өткізіп, «Оқжетпес» пен «Қызылжар» сапында 75 кездесуде 17 гол соққан.

Фото: meta-ratings.kz