Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Литл-Рокта (АҚШ) өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық үш сетте АҚШ өкілі Алекс Мишельсенге 4-6, 6-3, 7-5 есебімен есе жіберді.

Матч 2 сағат 25 минутқа созылды.