«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Милош Раичкович Черногория құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 17 маусымда аталмыш құрама Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өз алаңында Венгрияны және жолдастық кездесу шеңберінде Чехия құрамасын қабылдайды.Матчтар ел астанасы Подгорица қаласында өтеді.