Ақтөбе қаласында өткен 3×3 баскетболдан "U22" және "18+" санаттары бойынша Қазақстан чемпиондары белгілі болды.U22 санатында 3-орын үшін өткен бәсекеде БК Ақтөбе U18 Барсы Атырау 2003 командасынан 21-15 есебімен басым түсті.18+ санатында 3-орынды Барсы Атырау командасынан 21-18 есебімен басым түскен Western Wolves командасы иеленді.U22 санатында Қазақстан чемпионатының финалында Барсы Атырау командасы мен БК Ақтөбе 2004 күш сынасып, тартысты өткен кездесуде атыраулықтар 21-15 есебімен жеңіске жетіп, Чемпион атандылар!+18 санатында БК Ақтөбе финалдық кездесуде IMS (Астана) командасын 19-12 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпаздары атанды.Сондай-ақ, 3 ұпайлық лақтырыс сайысының жеңімпазы - Константин Нефф (БК Ақтөбе), жоғарыдан лақтыру сайысының жеңімпазы - Әділ Қуантаев атанды.3×3 баскетболдан ҚР Чемпионаты жеңімпаздары:18+ санаты:

  • 1-орын: BC Aqtobe
  • 2-орын: IMS|Astana
  • 3-орын: Western Wolves (Атырау)

U22 санаты:

  • 1-орын: Barsy Atyrau
  • 2-орын: BC Aqtobe 2004
  • 3-орын: BC Aqtobe U18