Қазақстандық файтер Асу Алмабаев ресейлік журналист Игорь Лазоринге берген сұхбатында Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты.

- Кімді берсе, ол сонымен жұдырықтасады. Ол ешкімге айтпайды. Кез келген қарсыласпен айқаса береді. Шавкат тамыз айында жұдырықтасқысы келеді. Жаттығу жиынын өткізу оңай емес. Дайындала бастағанда, менеджерлер де қозғалады, лига да жұмыс істейді, ал қарсылас бәрібір табылады. Әр айқастан кейін қайта жаттығуға кірісу маңызды.