«Авангард» клубының баспасөз қызметі «Ак Барс» шабуылшысы Кирилл Панюковпен келісімшартқа отырғанын жариялаы, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейшімен келісімшарт үш жылға жасалған, қазандық клуб ақшалай өтемақы алды.

Айта кетейік, Панюков «Ак барс» сапына 2021 жылы мамырда «Барыстан» ауысқан.

Құрлықтық хоккей лигасының кейінгі маусымында шабуылшы 44 кездесуге қатысып, 11 (6+5) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінде 24 ойында 4 (3+1) ұпай еншіледі.