«Шахтер» футбол клубы мерзімінен бұрын Украина Премьер-лигасы 2022/2023 жылғы маусымының чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін «Шахтер» басты бәсекелесі «Днепр-1» командасын 3:0 есебімен жеңіп, чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда алтын медальге ие болды.

Айта кетейік, «Шахтер» тарихта 15-мәрте лига чемпионы атанып отыр.