Қазақстандық шабандоздар Артем Захаров пен Рамис Дінмұхаметов мэдисонда Гонконгта үздік атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Артем Захаров пен Рамис Дінмұхаметов алтыннан алқа тақса, Сергей Пономарев кейриннен үшінші орын алды.

Еске салайық, велошабандоз Артем Захаров ағымдағы жылдың ақпан айында Джакартада өткен велоспорт бойынша Ұлттар кубогының бірінші кезеңінде жұлын омыртқасынан ауыр жарақат алып, бір айдан кейін жаттығуға қайта оралған болатын.

Сондай-ақ, 14 мамырда Дінмұхаметов пен Захаровтың GP Framar халықаралық жарысына қатысып, 4-орын алды.