Тимофей Скатов (147 ATP) Ролан Гаррос-2023 іріктеу кезеңінің финалында бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвестен (165 ATP) жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 2:6, 7:5, 6:3 есебімен аяқталды. Осылайша қазақстандық ойыншы өз мансабында алғаш рет Ролан Гарростың негізгі кезеңіне енді.

Матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Тимофей Скатов барлық іріктеу матчтары аяқталғаннан кейін Париждегі бірінші қарсыласының есімін білетін болады.