Қазақстандық халықаралық шебер Бибісара Асаубаева мен ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-при кезеңінің 10-шы турында жеңімпазды анықтай алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бибісара жалпы есепте әлі 7-ші орында. Тоғызыншы айналымда Асаубаева поляк шахматшысы Оливия Кельбасамен де тең түсті, бұл кездесуде қазақстандық қара фигуралармен ойнады.

Еске салайық, 8-ші турында қазақстандық шахматшы ақ фигуралар арқылы грузин Бела Хотенашвилиді жеңген болатын.