Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Олжас Есқараев (12-5) Brave FC-де жаңа қарсылас алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы келесі жекпе-жегін 23 маусымда Бахрейнде өткізеді. Жеңіл салмақтағы оның жаңа қарсыласы франциялық Илис Джирун (18-7) болады.

Еске салайық, Есқараев 29 сәуірде Алматыдағы Octagon 44 турнирі аясындағы кейінгі жекпе-жегінде қырғызстандық Айдарбек Кабыловты нокаутқа түсірген болатын.

Айта кетейік, былтыр Олжас Есқараев жеңіл салмақтағы Brave чемпионы атағына үміткер болған, бірақ титулдық жекпе-жекте Кубанычбек Абдисалам уулудан жеңіліп қалған еді.