Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Азия ойындарына қатысатын боксшылар қалай анықталатынын айтты, деп хабарлайды Prosportrs.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір ұлттық құрама боксшылары мен бапкерлері демалыста. 12 маусымда Астанада оқу-жаттығу жиыны басталады. Елордаға біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Жапония, Филиппин, Бразилия құрамалары да келмек.

Мырзағали Айтжановтың айтуынша, бұл жиынның қорытындысы бойынша бірнеше салмақта Азия ойындарында ел намысын қорғайтын боксшылар анықталмақ.