Америкалық ATK командасы ESL Pro League Season 18 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Twitter-де Майкл Swisher Шмид хабарлады. Бұл ұжым Америкадағы ESL Challenger League іріктеу кезеңінде үшінші орын алған болатын.

ESL Pro League Season 18 турнирі 15 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында Мальтада өтеді. 32 команда 850 мың долларын сарапқа салады.