Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Канада мен Латвия жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ширек финалдағы Канада мен Финляндия кездесуінде жанкүйерлер қос құрамадан тартысты ойын күткен еді. Дегенмен, канадалық хоккейшілер жинақы қимылдай білді.

Тағы бір ойында Швеция мен Латвия жартылай финал жолдамасын сарапқа салды. Кездесуде латвиялық хоккейшілер қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.