Даниялық Astralis ұжымы CS:GO-дан CCT South Europe Series #4 жартылай финалында еуропалық OG командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:1 (Overpass-та 16:3, Mirage-да 10:16 және Ancient-те 16:13) есебімен аяқталды.

Лукас gla1ve Россандэрдің командасы чемпионаттың финалына шықты.

CCT South Europe Series #4 турнирі 22-25 мамыр аралығында өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры 50 мың доллар құрайды.