Ресейлік «Сочи» клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліпке әлі қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Дегенімен әзірге клуб тарапынан футболшыға қатысты ресми ұсыныс түспеген.

Еске салайық, Әліп 2022 жылдың желтоқсан айында алты айлық жалға алған соң Санкт-Петербургтің «Зенитімен» толыққанды келісімшартқа отырған. Келісімге 2,5+1 схемасы бойынша қол қойылды.

«Зенит» Нұрәлі «Қайраттан» 1,75 миллион еуроға сатып алды. Қазақстандық жаңа клуб сапында барлық турнирлерде 20 кездесу өткізгенімен, әлі негізгі құрамның ойыншысы атанған жоқ.