«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Ақсумен» өткен ойынның нәтижесі туралы айтты.— Қиын матч болады деп күткен едік, солай болды. Керемет атмосфера болды, қарсылас қорғаныста тығыз және қатаң ойнады, сондықтан біз кеңістік бос болмайтынын түсіндік. Бізге шыдамдылық, ұйымшылдық керек еді, бірінші таймда 3-4 мүмкіндігіміз болды, іске асыру керек еді. Екінші таймда қыспаққа алғанымыз жақсы болды.6 мамырдан бастап біз төрт күн сайын ойнай келеміз, өте тығыз кесте және бұл біздің алтыншы матчымыз. Біраз сергектік жетіспейтіні анық, бірақ ең бастысы маңызды үш ұпайды алдық, әрі қарай дайындалуымыз керек. Үш күннен кейін Атырауда сырт алаңда ойнаймыз, кестеміз ауыр, тез қалыпқа келуіміз керек. Осы орайда, матч уақытын ауыстыруға келіскен Ақсу басшылығына алғыс айтамын.Сонымен қатар, сапарға шығып, осында келіп қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді. Біз олардың қолдауын естідік, әрдайым біз үшін бағасы жоғары екені сөзсіз, әрі осындай жанкүйерлеріміз үшін барымызды салып ойнай бермекпіз.