2023 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының 11-тур матчтары отандық футболшы әрі бапкер Сергей Гороховодацкийдің құрметіне өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Қазақстан чемпионатының XI туры қазақстандық футболшы және бапкер Сергей Гороховодацкийді еске алуға арналады.
Сергей Алексеевичтің Қазақстандағы футбол мансабы «Восток» (Өскемен), «Қайрат» (Алматы) және «Спартак» (Семей) командаларымен байланысты.
Шабуылшы позициясында ойнаған Гороховадацкий «Восток» сапында СКИФ (Алматы) және «Прикаспиец» (Гурьев) командаларына қарсы қос кездесулерде бес голдан соқты. 1981 жылғы маусымда ол 34 рет нәтижелі соққымен есте қалды. Сергей Алексеевич отандық клубтар сапында барлығы 141 гол соқты.
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін, «Спартак» (Семей), «Авангард» (Петропавл), «Восток» (Өскемен), «Жеңіс» (Астана), «Шахтер» (Қарағанды), «Қайсар» (Қызылорда) және «Қазахмыс» (Сәтбаев) командаларында бапкер ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар әр уақытта Қазақстанның олимпиадалық, жастар және ұлттық құрамаларын жаттықтырды.
Оның басшылығымен «Восток» футбол клубы өз тарихындағы жалғыз жүлдеге қол жеткізді – 1994 жылғы маусымда олар ел Кубогын жеңіп алды. Ал елордалық «Жеңіспен» 2000 жылы ҚР Кубогын да, чемпион атанып, «алтын» дубль жасады, - деп жазды ҚКФЛ баспасөз қызметі.